Бүгіннен бастап елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгілер орнату міндеттемесі күшіне енді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
1 қаңтардан бастап Қазақстанда газ баллон жабдығы бар көліктерге арнайы белгі орнату қажет - бұл қара жиегі және "GAS" жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш.
Стандарт міндетті болып табылады, өйткені ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы No 534 бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде анықтама ретінде көрсетілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу