Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді

346

Жаңа баға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда автогаздың шекті бағасы бекітілді Фото: inbusiness.kz

ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа баға шектері 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Аймақтар бойынша бекітілген максималды бағалар келесідей:

Астана – 76 теңге;

Алматы – 81 теңге;

Шымкент – 64 теңге;

Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарына – 54 теңге;

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды ​​облыстарына – 76 теңге;

Жамбыл облысына – 71 теңге;

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстарына – 64 теңге;

Павлодар облысы – 74 теңге.

Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу