Қазақстанда автокөлік бөлшектерін өндіру жолға қойылады

1094

Автокөлік және автокомпонент өндірушілер, қоғамдық көлік және ипортерлар мен дилерлер қауымдастықтарының басы бір жерде бірікті.  

Қазақстанда автокөлік бөлшектерін өндіру жолға қойылады

Елімізде автокөлік бөлшектерін өндіру қолға алынады және олар негізінен Қазақстанда шығарылатын темір тұлпарларға пайдаланылмақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстан автокөлік одағының тұсаукесерінде айтылды. Сонымен, жаңадан құрылған ұйым немен айналыспақшы? Елдегі автомобиль паркі қашан жаңарады?

Автокөлік және автокомпонент өндірушілер, қоғамдық көлік және ипортерлар мен дилерлер қауымдастықтарының басы бір жерде бірікті. Бұл "Қазақстан автокөлік одағы". Мұндай ұйым құрудағы ең басты мақсат елдегі шағын және орта бизнесті дамыту. Яғни, автомобиль өндірісіне қажетті бөлшектерді елде шығаруды жолға қоймақшы, мамандар. Мәселен, елде шығарылатын темір тұлпарлардағы бөлшектердің шамамен 30 пайызы ғана отандық өнім. 

"Біздің ең басты мақсатымыз автокөліктердің локализациясын көтеру. Ол деген  шанақты дәнекерлеу және бояу әдісімен шығарылатын автокөліктердің пайызын көбейту. Және де Қазақстанда қосалқы бөлшектерді шығару. Біз үшін осы одақтың құрылуы ол үлкен мәселе. Өйткені, одаққа 4-5 үлкен компаниялар кіреді. Біз мысалы бір қосалқы бөлшекті шығарсақ басқа да компаниялар ол қосалқы бөлшекті сатып алып, зауыттарға көмектесу", - дейді "Астана Моторс" компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.

Шынында, автокөлік нарығы қазіргі уақытта қарқынды дамып жатқан келе жатқан сала. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің дерегінше, өткен жылы еліміз бойынша барлығы 123 мыңнан аса автокөлік сатылса, оның 77 пайызы отандық темір тұлпар. Ендігі меже экпорттаудың жолдарын қарастыру қажет. Жаңадан құрылған "Қазақстан автокөлік одағы" мұны да басты назарға алып отыр.

"Біздің одақ экспорттаудың үлкен әлеуетін көріп отыр. Сол үшін елдегі экспорт даму үшін барлық күшімізді салатын боламыз. Одақ мүшелері, яғни, көлік өндірушілер де өз тараптарынан тиісті жұмыстар атқаратын болады. Мәселен, ТМД елдеріне шығу үшін тиісті сертификатты қажет етеді. Бұл жерде одақтың жұмысы біздің өндірушілерге сол құжаттар реттеп беру", - дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.  

Одан өзге, жиында жеңілдетілген автонесие де сөз болды. Жаңадан құрылған одақ бұл мәселемен айналысатындары айтты. Сөздерінше, отандық темір тұлпарлар халыққа қолжетімді болу үшін Үкіметке өздерінің ұсыныстарын да бермекші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу