Қазақстанда автокөлік қымбаттады

1685

2019 жылдың I жартыжылдығында сатып алынған жаңа көліктің орташа құны 8,8 млн теңге болып, былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өскен.  

Қазақстанда автокөлік қымбаттады

2019 жылдан бастап жеңіл автокөліктердің бағасы 6%-ға өсті, деп хабарлайды "ҚазАвтоӨнеркәсіп" баспасөз қызметі.  

Одақ ақпаратына сәйкес, 2019 жылдың I жартыжылдығында сатып алынған жаңа көліктің орташа құны 8,8 млн теңге болып, былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өскен.  

"Бұл ретте отандық өндіріс сегментінде бұл сан орташа нарықтық көрсеткіштен айтарлықтай төмен болып, 6,6 млн теңге болды. Импорттық автокөліктің орташа құны 10,9 млн теңге болған", – деп жазылған одақ хабарламасында.  

Биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша, сатып алушылардың үштен бір бөлігі,яғни 29,3%-ы 5 млн-нан теңгеден аспайтын көлікті таңдаған. Ал былтырғы жылы бұл сегменттегілер саны нарықтың 38,9%-ын алған. Ал сатып алушылардың 14%-ы 7 млн мен 10 млн теңге аралығындағы көліктерді таңдаған.   

Бизнес және премиум-кластағы көлікті таңдаушылар саны 26,9% болған.  

Қазақстандық құрастырудан шыққан қолжетімді көліктер бестігіне құны 3,1 млн теңгеден басталатын Lada Granta, Chevrolet Niva (3,4 млн теңге), Lada 4x4 (3,6 млн теңге), Ravon Nexia (3,8 млн теңге), Renault Logan (4,1 млн теңге) кірді. Ал қымбат көліктер рейтингін Porsche 911 Turbo (61,8 млн теңге) бастап тұр. Одан әрі BMW i8 (60,9 млн теңге), Mercedes-Benz G-klass (52 млн теңге), Porsche Panamera (51,8 млн теңге) және BMW 8 серия (50 млн теңге) орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу