Қазақстанда автокөлік шиналарының өндірісі артады

151

2025 жылы Tengri Tyres зауытында 1 млн-нан астам жеңіл автокөлік шинасы шығарылады деп жоспарланып отыр.  

Қазақстанда автокөлік шиналарының өндірісі артады Фото: Татар-информ

Қазіргі таңда зауыт жазғы және қысқы дөңгелектерді өндіреді. Компания басшылығының мәліметінше, өнім ішкі нарыққа және Ресейге экспортталады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Біз әлі толық өндірістік қуатқа шыққан жоқпыз, сондықтан еліміздің барлық сауда нүктелерінде біздің брендтің шиналарын таба алмайсыз. Дегенмен, дамып келеміз, өндіріс көлемін арттырып жатырмыз. Қазіргі уақытта зауытта 844 адам жұмыс істейді. Жоспар туралы айтсақ, жеңіл көлік шиналары бойынша зауытты толық қуатқа шығару көзделіп отыр. Айта кетейін, жеңіл көліктерге арналған шина өндірісінің жобалық қуаты – 3 млн дана. Сонымен қатар қазіргі кезде жүк көліктеріне арналған шиналарды жаппай өндіруге кірісіп жатырмыз", – деді "Tengri Tyres" ЖШС директоры Александр Уставщиков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу