Бұл туралы онлайн брифингте Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әлібек Жамауов Қазақстанда автогазды тұтынату көлемі өндірген көлемнен асып кеткенін айтады. Сұйытылған газды тұтыну айына 140-145 мың тонна, ал өндіріс 130-135 мың тонна.
"Бізде үнемі айына 10-15 мың тонна тапшылық болады. Тек соңғы жылдың өзінде 300 мыңнан астам автокөлік сұйытылған газға көшті. Оны кез келген көлікке орнатуға болады, кез келген механик мұны істей алады. Бұл өте қауіпті. Баллондар жарылып, өрт шығуы мүмкін. Мұндай көліктер жабық орындарда немесе тұрақты жүре алмайтынын білесіздер", - деді Әлібек Жамауов.
Қазір вице-министрдің айтуынша, Энергетика министрлігі осы саланы реттеудің түрлі нұсқаларын қарастыруда
"Қазіргі уақытта қайта жабдықтауға ешқандай тыйым жоқ, газды әр адам орната алады. Біз қазір не тыйым салу, не бақылау енгізу жағын қарастырып жатырмыз. 100% тыйым болмайды, бірақ біз жабдықтың сапасы қандай, оны кім және қайда орнатқанын тексеруді ойластырудамыз. Мүмкін біз мұндай жабдықты орнататын компанияларға лицензия беруді енгізетін шығармыз", - деп түсіндірді вице-министр.