Қазақстанда автокөліктердің саны 5 млн-нан асты

482

Оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

Қазақстанда автокөліктердің саны 5 млн-нан асты Фото: inbusiness.kz

2023 жылғы шілдеде 169,3 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды1), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,8 есе артты, оның ішінде жеңіл автомобильдер 1,8 есеге, автобустар – 2,2 есеге және жүк автомобильдері 1,8 есе артты, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Мәселен, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 015,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,9% жеңіл автомобильдер, 10% жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар. Өткен жылғы 1 тамыздағы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.

Сонымен қатар тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санының ең үлкен үлесі, яғни 45,1%-ның қозғалтқыш көлемі 1500-ден 2000 текше см. дейінгі жеңіл автомобильдер, қозғалтқыш көлемі 1500 текше см. дейінгі көлік үлесі – 18,1%, қозғалтқыш көлемі 2000-нан 2500-ге текше см. дейін – 17,3%, қозғалтқыш көлемі 2500-ден 4000 текше см. дейін – 15,1%, 4000 текше см. жоғары – 1,9%.

Қозғалтқыш көлемі 1500-2000 текше см.-ге дейінгі жеңіл автомобильдердің ең көп саны Алматы облысында – 223 мың бірлік, Алматы қаласында – 200,7 мың бірлік, Астана қаласында – 153,7 мың бірлік, Қарағанды облысында-151 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облысында – 137,4 мың бірлік.

Жүк автомобильдерінің ішінде қомақты үлес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см. жоғары жүк көліктеріне тиесілі (тіркелген жүк автомобильдерінің жалпы санының 72%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу