2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзындығы 94 781 шақырымды құрады, бұл бұдан бір жылғы бұрынғы көрсеткіштен 572 шақырымға аз, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде:
26,2% – халықаралық және республикалық маңызы бар жолдар
33,5% – облыстық маңызы бар жалдар
40,1% – аудандық маңызы бар жолдар
Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жалпы ұзындығының 94% қатты жабынды жолдарды құрады, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 88,9% деңгейінде болған.
Айта кетейік, тасжолдардың 3,3% І санатқа, тағы 47,2% ІV санатқа жатады.
Қала ішіндегі жолдардың ұзындығы 25 139 км, ауыл ішіндегі жолдарда – 56 790 км.