Қазақстанда автомобильдердің "көлеңкелі" импортына бақылау күшейтіледі

251

Қазақстанның автокөлік одағының президенті Анар Мақашева Үкімет отырысында машина жасау саласындағы қазіргі ахуал туралы хабардар етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда автомобильдердің "көлеңкелі" импортына бақылау күшейтіледі  Фото: canva.com

Мәселен, жалпы машина жасау саласындағы автомобиль жасау үлесі 39,4%-ды құрады, ал есепті кезеңде жаңа машиналарды сатудың жалпы көлеміндегі отандық автомобильдердің үлесі 63%-ға жетті. Осы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 130 мыңнан астам жеңіл автомобильдер мен коммерциялық техника шығарылады деп күтілуде.

Автоөндірушілердің алдында тұрған негізгі проблемалардың қатарында логистика, сондай-ақ Қазақстанға "қылмыстық" өткені бар және техникалық регламентке сәйкес келмейтін автомобильдерді әкелу ісі тұрғаны атап өтілді.

Осыған байланысты Премьер-министр мемлекеттік органға көлікті "көлеңкелі" жеткізу ісімен айналысуды тапсырды.

"Мәселе өте маңызды. Ол отандық автоөндірушілер үшін жосықсыз бәсекелестік туғызады. Бұл әсіресе жүк көлігінде байқалады. Кеден органдары, стандарттау комитеті бұл мәселемен байыпты айналысуға тиіс. Сондай-ақ полиция да қосылуы керек. Мен автомобиль зауыттарының бірінде өндірушілермен кездестім, олар: “біз өндіреміз, бірақ мұнда Еуро2 ретінде келетін техникамен бәсекеге түсе алмаймыз, оларда Еуро5 құжаттары қандай да бір керемет жолмен пайда болады” дегенді айтты. Мұнда қатаң тәртіп орнату қажет", – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу