Қазақстанда автонесие алу талаптары өзгеруі мүмкін

381

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаев айтты.

Қазақстанда автонесие алу талаптары өзгеруі мүмкін Фото: ulysmedia.kz

Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автонесие рәсімдеу кезінде азаматтардың борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есепке алмауды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрдің сөзінше, бұл бастама министрлік үшін маңызды әрі оған қолдау көрсетіліп отыр. Қазіргі қолданыстағы тәртіп жыл соңына дейін сақталғанымен, тиісті ұсыныс Үкіметке жолданған. Сондай-ақ, бұл өзгерісті Ұлттық банк те қолдайды деген үміт бар.

Ұсыныс қабылданған жағдайда, автонесие алу кезінде борыштық жүктеме коэффициенті ескерілмейді.

Ал азаматтардың салықтық міндеттемелеріне қатысты қолданыстағы талаптар өзгеріссіз қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу