Қазақстанда автовокзалдарға қойылатын талаптар өзгерді

182

Стандарттарды ҚР Көлік министрлігінің бастамасымен "Қазақстан стандарттау және метрология институты" әзірледі.

Қазақстанда автовокзалдарға қойылатын талаптар өзгерді Фото: Техникалық реттеу және метрология комитеті

Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Ұлттық стандарттарды бекітті. Атап айтқанда:

– ҚР СТ 2271-2020 "Сапаржайлардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері";

– ҚР СТ 2272-2020 "Таксимен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар";

– ҚР СТ 2273-2020 "Тұрақты және тұрақты емес жолаушы тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар";

Сонымен ҚР СТ 2271-2024 "Сапаржайлардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметтері" ұлттық стандартына сәйкес:

– автовокзалдар мен автостанциялар автомобиль тасымалдаушыларымен, оның ішінде автотасымалдаушылар Палатасының мүшелерімен шарт болған кезде автобустарды рейс алдындағы техникалық тексеруді ұйымдастыруға тиіс.

– автовокзалдарда автобус жүргізушілері экипаждарының ұзақ (түнгі) демалысын ұйымдастыруға арналған үй-жайлар болуы тиіс және т. б.

Ал ҚР СТ 2272-2024 жаңа стандартқа сәйкес "Таксимен тасымалдау бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар" автомобиль тасымалдаушылар Палатасының ережелері мен стандарттар талаптарына сәйкес жабдықталған жеңіл сериялы автомобильдермен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мүгедектігі бар адамдар үшін такси тасымалдарының қолжетімділігі, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы түрлендірілген автомобильдер, қажетті ахуалдық көмек көрсету, багажды тиеу және түсіру, сонымен қатар мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігін және жүріп-тұруын қамтамасыз етуге арналған жабдықтар және басқа да жағдайлар көрсетілген.

Бұдан бөлек, ҚР СТ 2273-2024 "Тұрақты және тұрақты емес жолаушы тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы талаптар" тасымалдаушыға, сондай-ақ көлік құралын дайындаушының техникалық құжаттамасының талаптарына, "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне және ҚР СТ 41.36, ҚР СТ 41.52 ұлттық стандарттарына сәйкес келетін автобустарға қойылатын талаптарды белгілейді. Сондай-ақ стандарттар автобустарды шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен жабдықтауды көздейді.

– Бұл өзгерістер Қазақстандағы жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жоғары деңгейдегі жайлылық пен қауіпсіздікті қалыптастыруға бағытталған, –  деп түсіндірді ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу