Компаниялар қоймасын тізімге кіргізу үшін Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін құжаттар пакетімен бірге өтініш жіберуі тиіс, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына сәйкес, кәсіпкерлер аяқ киім өнімдерін шығарылғаннан кейін оны ішкі нарыққа немесе реимпорттаудан бұрын таңбалауға болатын қоймалардың тізбесін бекітті.
Ережеге сәйкес компаниялар өз сұранымдарына келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- қоймаға меншік құқығын немесе оны жалға алу құқығын растайтын құжаттар;
- көлік құралдарының кіруі мен шығуын, адамдардың кіруі мен шығуын бақылау жүйелері, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі туралы ақпаратты қоса алғанда, қойманың техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер.
Бүгінгі таңда Аналитикалық платформаның мәліметтері бойынша таңбалау жүйесінде аяқ киім айналымының 4 418 қатысушысы тіркелген, оның ішінде: 1 759 импорттаушы, 88 өндіруші, 118 көтерме және 2 453 бөлшек сауда өкілі.
Аяқ киім өнімдерін міндетті түрде таңбалау енгізілген күннен бастап (2021 жылдың 1 қарашасынан) 130,65 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 40,42 миллион таңбалау коды айналымға енгізіліп, оның 39,3 миллионы айналымнан шығарылды.
Жыл басынан бері 2,52 миллион жұп аяқ киім таңбаланып, 642 мың дана тауар айналымына шығарылып, оның 584 мың данасы тауар айналымынан шығарылды.