Қазақстанда азаптауларға қарсы топтар құрылды

729

Азаптауларға қарсы күресуші бұл топтардың 2019–2020 жылдардағы қатысушылары мен басшылары анықталды.

Қазақстанда азаптауларға қарсы топтар құрылды

Барлық дерлік облыста түрмедегі, жындыханалардағы және басқасындағы азаптауларға қарсы күресетін топтар құрылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының хабарлауынша, мұндай шешім бүгін елордада, еліміздің омбудсмені Асқар Шәкіровтың төрағалығымен өткен, азаптаулардың және басқа да қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алу жөніндегі "Ұлттық алдын алу тетігінің Үйлестіру кеңесінің" отырысында қабылданған.

Жиында азаптауларға қарсы күресуші бұл топтардың 2019–2020 жылдардағы қатысушылары мен басшылары анықталды.

Жалпы, бұл топтарға кіруге 179 кандидат үміт білдіріпті. Солардың арасынан 109 адам іріктеп алынып отыр. Бұлардың ішінен аймақтық топтардың басшылары да тағайындалды.

Ал Батыс Қазақстан облысы бойынша топтың қатысушылары мен басшылары анықталмады, тиісінше, азаматтардан өтініштер қабылдау 2019 жылдың 20 қаңтарына дейін ұзартылды. Топқа кіруге құқық қорғау саласындағы қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер үміттене алады.

Құрылған топтар болса, өз басшыларымен бірге енді алдағы жылдан бастап, әр өңірдегі азаматтар өз еркінен тыс, күштеп ұсталатын жабық мекемелердегі "азаптаудың және басқа да қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алумен және анықтаумен" айналысатын болады.

Осы мақсатта топтар жабық медициналық мекемелерді, арнайы қабылдауыштарды, уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын, түзеу мекемелерін және басқаларын аралайды деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу