Қазақстанда ажырасу көрсеткіші азайған

215

Бұл соңғы 5 жылдағы көрсеткіш.

Қазақстанда ажырасу көрсеткіші азайған Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша 2021 жылы отбасылар саны 5 578 947 отбасын құрады. 2009 жылғы санақ деректеріне сәйкес республикадағы отбасылар саны 4 022 388 отбасы болды. Осылайша 10 жыл ішінде 1,5 миллионнан астам отбасы өсті", - деді вице-министр.

Евгений Кочетовтың дерегінше, елімізде ажырасу санының төмендеуі байқалады. 

"Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 48,6%-ға төмендеді. Сауалнама нәтижелері бойынша қазақстандықтардың 95,4%-ы отбасындағы қарым-қатынастарға қанағаттанған. Қазақстандық отбасылардың негізгі құндылықтары - бір-біріне қамқорлық жасау, өзара сыйластық, қолдау көрсету, махаббат, балалар", - деп толықтырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу