Қазақстанда Азия халықаралық құқық қауымдастығының өкілдігі құрылды

1732

Азия халықаралық құқық қауымдастығы 2007 жылы халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды. Мұндағы мақсат Азия мен басқа да өңірлерде халықаралық құқықтық зерттеулер жүргізу, азиялық перспективаларға жағдай жасау.

Қазақстанда Азия халықаралық құқық қауымдастығының өкілдігі құрылды

М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Құқық жоғары мектебі Азия халықаралық құқық қауымдастығының Қазақстандық ассоциациясы мәртебесіне қол жеткізді. Бұл шешім 2018 жылдың 12 қазанында Азия халықаралық құқық қауымдастығының Атқарушы кеңесінің Бейжіңде өткен 19-отырысында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қауымдастықтың атқарушы кеңесінің құрамына Сингапурдың Ұлттық Университеті, Үндістанның Жоғарғы Соты, Сеул Ұлттық Университеті және басқа да танымал жоғары оқу орындары мен халықаралық мекемелердің өкілдері кіреді. 

Азия халықаралық құқық қауымдастығы 2007 жылдың сәуір айында халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды. Мұндағы мақсат Азия мен басқа да өңірлерде халықаралық құқықтық зерттеулер жүргізу, азиялық перспективаларға жағдай жасау.

Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қауымдастық ұлттық ассоциацияларды бекіте алады. Оның мәртебесі әйгілі ұлттық құқық мектебіне немесе халықаралық құқық заңгерлерінің ұлттық бірлестігіне ғана беріледі. Қауымдастықтың небәрі алты ұлттық ассоциациясы бар. Осыған дейін Бангладеш, Жапония, Иран, Оңтүстік Корея, Непал елдерінде болған ассоциация енді Қазақстанда да бекітілді. 

Қауымдастық құрамына халықаралық құқық саласындағы танымал мамандар кіреді, оның ішінде БҰҰ халықаралық сотының бұрынғы судьясы мен бұрынғы төрағасы Хисаши Овада, БҰҰ Халықаралық сотының вице-төрағасы Ханьцинь Сюэ, Сингапур Ұлттық Университетінің Құқық мектебінің деканы, профессор Саймон Честерман бар. Қауымдастықтың ресми басылымы Кембридж Университетінің баспасы жариялайтын және жоғары импакт-факторы бар Азия халықаралық құқық журналы болып табылады. 

Айта кетерлік ақпарат, КАЗГЮУ Университеті FIBAA-ның халықаралық аккредитациясынан бірде-бір шартсыз өткен Қазақстандағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. FIBAA сертификатының артықшылығы, түлектердің дипломдары шетелде мойындалып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ олар өз оқуын Еуропа мен АҚШ-та да жалғастыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу