Қазақстанда Азия-Тынық мұхит министрлік конференциясы өтеді

213

Бүгін Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арасындағы цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхит министрлік конференциясын ұйымдастыру" туралы келісім ратификацияланды.  

Қазақстанда Азия-Тынық мұхит министрлік конференциясы өтеді Фото: gov.kz

Конференция барысында 62 елдің делегаттары мен халықаралық сарапшыларына біздің Gov.tech шешімдер мен сараптамалар көрмесі ұйымдастырылады6, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Бұл құжат Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім аясында әзірленген. Министрліктің цифрландыру саласындағы жұмыстары халықаралық Даму институттарының оң бағасын алып жатыр. Көптеген мемлекет біздің тәжірибемізді зерттеп, цифрлық шешімдерімізге қызығушылық танытып отыр. Осыған орай 2023 жылғы 19 мамырда Азия-Тынық мұхиты комиссиясының 29 сессиясында цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі министрлік конференциясын өткізу және цифрлық орталықты құру жөніндегі Қазақстанның бастамасын 62 мемлекет қолдады", — деді Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

2024 жылғы 22 сәуірде Бангкок қаласында БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты комиссиясының 80-ші сессиясы шеңберінде аталған конференцины өткізу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі ҚР-дың Халықаралық шарттар туралы заңының 11-бабы 5-тармағына сәйкес, виза берудің ерекше тәртібі белгіленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу