Қазақстанда азық-түлік бағасы қайта қымбаттай бастады

478

Жылдық мәнде де 5% өскен.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қайта қымбаттай бастады Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі өткен аптада 0,1%-ға, ал жылдық мәнде 5% өсті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты Ұлттық статистика бюроға сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 7 қараша/:

Айран 2,5% – 414тг/л

Рожки – 316тг/кг

Сүзбе – 2105тг/кг

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу