Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

407

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік бағасы өзгеріссіз қалды.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қалай өзгерді? Фото: inbusiness.kz

Ал жылдық мәнде 5,4% өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 24 қазанға/:

Айран 2,5% – 413тг/л

Рожки – 316тг/кг

Пияз – 113тг/кг

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу