Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншалықты қымбаттады

565

Елімізде тұрмысқа қажет дүниелер 5 пайызға, жеке пайдалануға арналған тазалық заттары 2 пайызға артқан.

Қазақстанда азық-түлік бағасы қаншалықты қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы 22,2% ға өсіп, инфляция  17,7% жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қымбатшылық қамытын киген жұртты бір тілім парақтың қымбаттауы есінен тандырып түсті. Ішім-жемді былай қойғанда, кәдімгі А4 қағазының бағасы екі есеге шарықтаған. 

Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәліметке сенсек, бір жылда азық-түлік бағасы 22,2%-ға өсіп, жылдық инфляция 17,7% жеткен. Әсіресе Астана, Алматы, Маңғыстау облыстарында қымбатшылық қысып тұр. Импорттық тауарларды айтпағанда, "Қазақстанда жасалған" өнімдерге де баға қосылған. 

Сондай-ақ, жұмыртқа, күріш, күнбағыс майының бағасы шарықтап кеткен. Тұрмысқа қажет дүниелер 5 процентке өскен, жеке пайдалануға арналған тазалық заттары 2 пайызға артқан. Қыс таяғанда отын-көмірдің бағасында да өзгеріс бар. Сұйытылған газ 1,5%-ға көтерілген. 

Қаржы маманы: "халықтың табысын арттыру керек, бірақ бұл инфляцияны тежей алмайды",- дейді. 

Оның пайымынша, өзімізде өндіріс орындарын көбейтіп, экономиканы уысымызда ұстауды үйренбей бәрі бекер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу