Қазақстанда азық-түлік инфляциясы төмендеуді жалғастыруда

93

Үкіметте инфляция және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайы қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда азық-түлік инфляциясы төмендеуді жалғастыруда Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляция динамикасы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының ахуалына арналған кезекті кеңес өтті.

Азық-түлік инфляциясы төмендеу үрдісін жалғастыруда: желтоқсандағы 13,5%-дан қаңтарда 12,9%-ға, ақпанда 12,7%-ға дейін төмендеді. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, бұған әсер еткен факторлардың бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тізімінің жаңартылуы. Аталған тізім 19 атаудан 31 атауға дейін кеңейтілді.

Бағаның тұрақтануына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесінің сақталуына мемлекеттік бақылаудың күшейтілуі де ықпал етуде. Жыл басынан бері Сауда комитеті тиісті талаптарды бұзғаны үшін 800-ден астам әкімшілік іс тіркеді.

Жалпы ел бойынша инфляция бесінші ай қатарынан баяулап келеді – 2025 жылдың қыркүйектегі 12,9%-дан 2026 жылғы ақпанда 11,7%-ға дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу