Қазақстанда БАӘ заңды тұлғаларының қатысуымен 273 компания жұмыс істейді

Олардың 252-сі шағын кәсіпорындар. 

Қазақстанда БАӘ заңды тұлғаларының қатысуымен 273 компания жұмыс істейді Фото: google

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында Біріккен Араб Әмірліктері заңды тұлғаларының қатысуымен 273 компания жұмыс істейді, олардың 252-сі шағын кәсіпорындар.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында БАӘ-нің Қазақстан кәсіпорындарына салған инвестициясының жалпы көлемі 146,6 млн долларды құрады.

Қазақстаннан БАӘ-ге экспорт 8,0%-ға төмендеп, 555,5 млн долларды, импорт – 54,8 млн долларды құрап, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,0%-ға өсті.

Қазақстаннан БАӘ-ге негізгі экспорттық тауарлар қатарында мұнай, мыс, ет бар.  Мұнай – 249,6 млн доллар (44,9% үлеспен), мыс және катодты мыс – 235,3 млн доллар (42,4%), қой немесе ешкі еті – 12,2 млн долларға (2,2%) тасымалданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу