Қазақстанда баға ТМД елдерінің көпшілігімен салыстырғанда жоғары

Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 елдің ішінде 91-орында. 

Қазақстанда баға ТМД елдерінің көпшілігімен салыстырғанда жоғары Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда қызмет, тауар бағасы ТМД елдерінің көпшілігімен салыстырғанда жоғары, деп жазады inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өмір сүруге қажетті қаражат бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемдегі 140 елдің ішінде 91-орынға тұрақтады. Елдің индексі 25,4. Бұл индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағалайды.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат елдердің бірі, Армениядан кейінгі екінші орында. Беларусь 98-ші, Молдова 101-ші, Ресей 110-шы, Қырғызстан 111-ші, Украина 114-ші, Әзірбайжан 119-шы, Өзбекстан 125-ші орында.

Бірінші орындарды Бермуд аралдары, Кайман аралдары және Сингапур, Пәкістан алып, рейтингті жапты.

2023 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы 0,6%-ға, жыл басынан бері 5,8%-ға және бір жылда 14%-ға өсті. Биылғы қаңтар-шілдеде бағаның өсуі 2022 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 17,2%-ды құрады.

Аймақтық тұрғыда ай сайынғы динамика бойынша бағаның ең көп өсуі Ұлытау облысында (1%-ға), сондай-ақ Қарағанды ​​және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (өңірлердің әрқайсысында 0,8%-ға) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында (өңірлердің әрқайсысында 15,4%-ға), ал ең азы – Атырау облысында (11,8%-ға) байқалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу