Алдағы уақытта елімізде 70-ке жуық бағалы металдар кен орындары электронды аукционға шығарылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Жақын арада, қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын бұзылған аумақтардағы жерасты учаскелерінің 20-дан астам бос кен орындарын электрондық аукцион арқылы инвесторларға беру жоспарланып отыр. Сондай - ақ, электрондық аукционға 70-ке жуық бос кен орындары бар қатты пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік санаттарының қорларын шығару да жоспарлануда", - деп атап өтті министрлік өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу