Қазақстанда бала денсаулығына немқұрайлы қараған ата-аналар жазалануы мүмкін

976

Біртановтың айтуынша, кодекс жобасы шамамен желтоқсан айында үкіметке, 2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында - Парламентке жіберіледі.

Қазақстанда бала денсаулығына немқұрайлы қараған ата-аналар жазалануы мүмкін

Қазақстанда өзінің немесе жақындарының, балаларының денсаулығына немқұрайлы қараған азаматтарды жауапқа тарту ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада "Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі" туралы жаңа кодекс жобасын талқылау кезінде мәлімдеді. 

"Бұл бастаманы барлығы қолдайды деп үміттенемін. Адамға өзінің және жақындарының, балаларының денсаулығы үшін жауапкершілік артылуы тиіс. Бірінші кезекте, бала денсаулығындағы ата-ананың жауапкершілігін арттыру, жүктілік пен босануда дәрігерге кеш жүгінген, мамандар кеңесіне құлақ аспаған аналарға, скринингтен, вакцинациядан бас тартқандарға қолданылатын шараларды айтуымыз керек", - деді министр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу