Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген

765

Елімізде 19 691,9 мың адам тұрады. 

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген Фото: stan.kz

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 299,7 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға аз, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен қатар ел халқының табиғи өсімі өткен жылмен салыстырғанда 1,6%-ға азайған.

Ақпаратқа сәйкес, республика бойынша 101,7 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға төмен.

Бір жасқа дейінгі 2 453 нәресте шетінеп кеткен. Былтырғыға қарағанда көрсеткіш 8,5%-ға кеміп отыр.

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қалада тұратындардың саны 12 151,7 мың адамды (61,7%) құраған. Ауылда тұратындардың үлесі – 38,3%. 2022 жылдың басымен салыстырғанда ел халқының саны 188,7 мың адамға артқан.

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу