Қазақстанда балаға қатысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді

123

Бұған дейін бұл мәселелер қорғаншылық органдарымен қаралғанымен, әр өңірде түрлі тәсіл қолданылған.

Қазақстанда балаға қатысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді Фото: depositphotos

Сәуір айынан бастап Қазақстанда ата-аналар мен басқа да жақын туыстар арасында баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне байланысты дауларды шешудің бірыңғай ережесі қолданысқа енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Енді Оқу-ағарту министрлігімен бекітілген ортақ тәртіп барлық өңірде бірдей іске асады.

Ата-анаға немесе жақын туыстарына – атасына, әжесіне, ағасына немесе әпкесіне баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда, баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш бере алады.

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар;
  • соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  •  мекенжайын растайтын құжат.

"Біз алғаш рет осындай күрделі де сезімтал мәселелерді шешудің бірыңғай тәртібін енгізіп отырмыз. Бұл – баланың құқығы мен мүддесін қорғауға, оның жақындарымен байланысын үзбеуге бағытталған нақты қадам", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қорғаншылық органы өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарап шығады. Осы мерзімде мамандар екі тараппен жеке сөйлесіп, қажет болса тұрмыстық жағдайды зерделейді.

Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу