Қазақстанда балалар үйінде оқу тобындағы бала санын 8-ге дейін қысқарту жоспарланып отыр

613

Қазіргі таңда әр топта 15 бала бар.  

Қазақстанда балалар үйінде оқу тобындағы бала санын 8-ге дейін қысқарту жоспарланып отыр Фото: otyrar.kz

Мамандар бұл балалардың сапалы тәрбие алуына кедергі екенін айтады, деп жазады inbusiness.kz informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында білім беру ұйымдарында балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасын жариялады.

Жобада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін білім беру ұйымдары қызметінің тәртібіне өзгеріс енгізу көзделген. Ұйымда балалардың тұрақты және уақытша (күндіз) болуы үшін отбасы үлгісіндегі әртүрлі жастағы топтар құрылатыны және топтардағы балалар саны 8 адамнан аспауға тиіс екені жазылған. Бұрын топтардағы балалар саны 15 адамнан аспауға тиіс еді.

Сондай-ақ, жобада өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығының қызметіне қатысты да жаңа өзгерістер енгізілгені жазылған. Мысалы, мұндай орталықтарға алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың) айқын белгілері бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.

Қолдау орталығының қызметкерлері баланың жағдайына, қажеттіліктеріне бағалау жүргізіп, баламен жұмыс істеудің жеке жоспарын жасайды. Кәмелетке толмағандарды қабылдау кезінде олар бастапқы медициналық тексеруден өтеді. Қолдау орталығына келіп түскен сәтте кәмелетке толмаған балада бар заттар мен құндылықтар алып қойылады. Олар орталықтан шыққан кезде қайтарылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу