Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұшуы мүмкін

998

Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балаларды ұшақпен тасымалдау тегін болуы мүмкін. Қазір оның жолдары Үкіметте қарастырылуда.

Қазақстанда балалар ұшақпен тегін ұшуы мүмкін

Сонымен қатар, заңға өзгеріс енгізіліп, tax free және kids go free механизмдері пысықталып жатыр. Оған Қаржы, Ұлттық экономика, Мәдениет және спорт министрлігі жауапты, деп хабарлайды  Atameken Business.

Бұл сауалды шешуге биылғы жылдың желтоқсанына дейін уақыт берілген.

Қаперде болса, ұлттық компания "Қазақ Туризм" kids go free жобасының балалардың Қазақстан ішінде тегін жүруіне қатысты екенін айтқан. Егер аталмыш жоба бекітілсе, онда ата- аналар 30 пайыз қаражатын үнемдей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу