Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын бөлек басқарма құрылды

134

2025 жылғы 5 мамырдағы Үкімет басшысының қаулысымен жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда балалардың құқығын қорғайтын бөлек басқарма құрылды Фото: inbusiness.kz

"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Үкіметтің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Үкіметтің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулының "облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі" деген бөлімі 27-тармақпен толықтырылды. 

"Балалардың құқығын қорғау басқармасы, сондай-ақ оған есеп беретін және оның бақылауында болатын, аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада орналасатын балалардың құқықтарын қорғау бөлімдері", - делінген құжаттың мәтінінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу