Министрлік мәліметінше, бұл шара ата-аналардың балаларын бақылауын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар балалардың суицид, зорлық-зомбылық және буллингке қатысты қауіпті контенттерге қол жеткізуін шектеуге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған SIM-картаны жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен туу туралы куәлік арқылы тіркеу жоспарланған. Мұндай SIM-карталар кәмелетке толмағандармен байланысты алаяқтық тәуекелдерін азайтып, төтенше жағдайларда оқушыларды тез табуға көмектеседі.
Жаңа ереже оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды зорлық – зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарына” өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында ұсынылған.