Қазақстанда баламасы жоқ инжиниринг орталығы ұйымдастырылады

761

ҚР аумағында жетекші белдіктердің басты берілісін өндіру және жүк автомобильдері үшін шойын құйма өндіру бойынша жобаларды іске асыру бойынша ниеттестік туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстанда баламасы жоқ инжиниринг орталығы ұйымдастырылады

Құжатқа индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "КАМАЗ" ЖАҚ бас директоры С. Когогин, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов және "БРК - Лизинг" АҚ басқарма төрағасы Н. Байбазаров қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Келісімді іске асыру аясында арнайы техника, белдіктер, шойын құймалар өндіретін зауыт құру жоспарланған. Сондай-ақ, техникалық персоналдың құзыреттіліктерін дамыту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта біліктілік беру бойынша ҚР-да баламасы жоқ инжиниринг орталығы ұйымдастырылады. Инжиниринг орталығы Қазақстанда түрлі салалар үшін жоғары деңгейдегі мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. 

Зауыттарда шығарылатын өнімдердің 100 пайыз экспортқа бағдарланатынын және соңында Ресейдің, ТМД елдерінің барлық аймақтарын қамтитын жаһандық әлемдік тізбекке, сондай-ақ Daimler AG неміс концерніне түсетінін айта кеткен жөн. 2018 жылы неміс концерні компания акционері болды.  

Айта кетсек, "КАМАЗ" компаниялар тобы — Ресейдің ірі автомобиль корпорациясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу