Қазақстанда балмұздақ 33% қымбаттаған

475

Бір айда бірден 5% - ға қымбаттады

Қазақстанда балмұздақ 33% қымбаттаған Фото: Москва 24

2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында балмұздақ пен тағамдық мұз өндірісі 19,7 мың тоннаны құрады, бір жылда өсім бірден 40,3%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Өңірлер бойынша, Алматыда баға тек 1,1%-ге өссе, Түркістан облысында 19,7%-ке қымбаттады.

Балмұздақ бағасы Алматы облысы мен Астанада да айтарлықтай өскені байқалады - 18,2% және 10,9%.

Ал Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында баға өзгермеген.

Бір жыл ішінде балмұздақ бағасы бірден 32,7%-ке қымбаттады, бұл кейінгі жылдарда тіркелген ең көп өсім. Өңірлер бойынша, Батыс Қазақстан облысында баға 79,7%-ке, Астанада 68,4%-ке, Алматыда 44,7%-ке артқан.

Баға шамалы ғана көтерілген аймақтар – Павлодар облысы (жылына 7,7%), Абай облысы (13,6%) мен Алматы қаласы (18,6%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу