Өңірлер бойынша балық пен теңіз өнімдері бағасының өсуін Павлодар (+42,5%) және Маңғыстау (+38,1%) облыстарының, Шымкент қаласының (+32,5%) тұрғындары қатты сезінген. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Абай облысында тіркелді (+12,9%).
Биылғы қаңтар-қазан айларында елімізде жаңа піскен, салқындатылған және мұздатылған балық өндірісі 40,3 мың тоннаны құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 16,6%-ға артық. Energyprom.kz хабарлауынша, негізгі өндіріс Атырау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында шоғырланған.
Бұдан бөлек басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген 8,8 мың тонна балық, уылдырық және оның алмастырғыштары өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға аз.
Шығарылған өнімнің ең көп көлемі Түркістан облысының үлесіне тиді (3,4 мың тонна). Үздік үштікке Батыс Қазақстан (2,2 мың тонна) және Шығыс Қазақстан (702 тонна) облыстары кірді.