"2021 жылы қазақстандық банктердің төлем карточкалары арқылы жалпы көлемі 93,7 трлн теңге сомаға 6,5 млрд операция жүргізілді (2020 жылы – 52 трлн теңге сомаға 3,2 млрд операция жүргізілді).
Төлем карточкалары бойынша операциялар көлемінің 78% (73,1 трлн теңге) қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілді. 22% (20,6 трлн теңге) банкоматтардан қолма-қол ақша ретінде шешілді", – делінген ҰБ хабарламасында.
Сондай-ақ өткен жылы әрбір бесінші қолма-қол ақшасыз операцияның үшеуі интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген. Олардың жалпы көлемдегі үлесі 83%-ды құрайды. Орташа алғанда, интернет және мобильді банкинг арқылы күнделікті жүргізілген операциялар саны 11,5 миллионнан асты, жалпы сомасы 167 млрд теңге.
"Төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін инфрақұрылым кеңеюде. POS-терминалдардың саны 2,4 есеге өсіп, 509 мың бірлікті құрады. Нарықтағы POS-терминалдардың 97% жанасусыз төлем функциясын қолдайды. Төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпкерлер саны 2,5 есеге өсіп, 274 мыңды құрады", – деді Ұлттық банктен.