Қазақстанда банк шоттарын бұғаттау ережелері өзгертілмек

165

Қарыздың кешіктірілген әр күні үшін үстемақы қосылып отырады. 

Қазақстанда банк шоттарын бұғаттау ережелері өзгертілмек Фото: Pixabay.com

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір салық бойынша қарызы 2024 жылы 6 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) немесе 22,1 мың теңгеге жеткенде мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Ал әлеуметтік төлемдерге: медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, зейнетақыға қатысты қарыз 1 теңгеден асатын болса, шаралар қолданылады. Енді жаңа ереже аясында, қарыз көлемін қайта қарайтын боламыз. 20 АЕК-ке немесе 73 840 теңгеге дейін, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбауды, яғни есепшотты бұғаттамауды ұсынамыз", — деді Ержан Біржанов. 

Жаңа ереже бойынша, әлеуметтік төлем бойынша қарызы 20 АЕК және одан жоғары қазақстандықтарға хабарлама жіберіледі. Қарыздың кешіктірілген әр күні үшін үстемақы қосылып отырады. Ал қарыз 20-дан 45 АЕК-ке дейін, яғни 73,8-ден 166,1 мың теңгеге жеткенде, салық төлеушіге қарызды өтеу керектігі туралы хабарлама жіберіледі, әйтпесе 30 күн ішінде шара қолданылады.

"Егер салық төлеуші ​​қарызын өтемеген болса және оның сомасы 166 мың теңгеден асып кетсе, онда біз шоттарды жабуға мәжбүр боламыз. 45 АЕК-тен жоғары болса, онда біз тек шоттарды бұғаттаумен тоқтамаймыз, борышкердің есебідегі мүліктен өндіріп алуды жоспарлап отырмыз", – деді Біржанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу