Яғни, үш банктің клиенттері бір QR-мен төлем жасай алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жаңа қызметті "Банк ЦентрКредит", "Home Credit Bank" және "Freedom Bank" клиенттері пайдалана алады.
Операция жасау үшін сатып алушы клиент банктің мобильді қосымшасына кіріп, сатушының (сервиске қатысушы банктердің бірінде қызмет көрсетілетін) терминалында QR-кодты сканерлеп, төлемді растауы қажет.
"Банкаралық QR-төлемдерді іске қосу банктер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттырады, ыңғайлы етеді және тұтынушы үшін төлем қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтеді", – деп хабарлады Ұлттық банк.
Өзге де банктер ішкі процестерін толық реттеп бейімдеген аталған қызметті қоса алады деп атап өтеді реттеуші.
Бұған дейін Тимур Сүлейменов елдегі банктердің барлығы жалпыұлттық QR төлем жүйесіне қосылу керек деген болатын.