Қазақстанда банктер үшін есеп берудің бірыңғай қағидасы енгізіледі

572

Құжат жобасы 2025 жылғы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынып отыр.  

Қазақстанда банктер үшін есеп берудің бірыңғай қағидасы енгізіледі Фото: myfin.by

Екінші деңгейдегі банктер, резидент емес банк филиалдары және Қазақстанның даму банкінің есепті ұсыну қағидасы жаңартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк әзірлеген қаулы жобасында еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанда резидент емес банк филиалдарының, Қазақстан даму банкінің есеп ұсынудың бірыңғай қағидасымен қоса, әкімшілік деректі жинау ережесін бекіту ұсынылып отыр.

Осылайша, есепті ұсынуға қатысты біртектес және өзара байланысты мәселені реттейтін Ұлттық банктің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №54 қаулысы, 2021 жылғы 2 наурыздағы №22 қаулысы және 2018 жылғы 29 маусымдағы №139 қаулысы біріктірілді.

Жаңа қағида бекітілгеннен кейін аталған қаулылардың күші жойылады.

Айта кететін жайт, екінші деңгейдегі банктер, Қазақстанда резидент емес банк филиалдары және Қазақстанның даму банкінің есептілік нысандары және оларды ұсыну тәртібі өзгермейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу