Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асады

182

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында соңғы 30 жылда Қазақстанда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының өсуі байқалғанын хабарлады. 

Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асады Фото: primeminister.kz

Ол Қазақстанның минералдық-шикізат базасына 987 қатты пайдалы қазбалар бар екенін және оларды барлау динамикасы оң болып қалатынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

 "Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушыларымен мыс бойынша перспективалы жер қойнауы учаскелері белсенді түрде барлануда", — деді Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу