Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылады?

226

Бұл туралы Ұлттық Банктің "Ұлттық төлем корпорациясы" АҚ басқарма басшысы мәлімдеді.

Қазақстанда барлық банк үшін бірыңғай QR-код қашан іске қосылады? Фото: prosv.ru

Қазақстанда 2025 жылдың басында барлық банк үшін бірыңғай QR-код іске қосылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Instagram парақшасында Ұлттық Банктің "Ұлттық төлем корпорациясы" АҚ басқарма басшысы Бинұр Жаленов мәлімдеді.

"Биыл банкаралық аударымдар мүмкіндігін телефон нөмірі бойынша (және ірі банктерде), ал келесі жылдың бірінші жартысында бірыңғай QR арқылы қосамыз деген жоспар бар", – деп жазды Бинур Жаленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу