Қазақстанда барлық стационарлық ластаушы көздерден шыққан шығарындылар көлемі азайды

399

2022 жылы стационарлық көздерден шыққан ауаны ластаушы заттардың шығарындылары 2 314,7 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,8% аз. 

Қазақстанда барлық стационарлық ластаушы көздерден шыққан шығарындылар көлемі азайды Фото: Almaty.tv

Өткен жылы республика кәсіпорындары ластаушы заттардың жалпы көлемінен 93,4% залалсыздандырған.

Атмосфералық ауаға шығарылатын ластаушы заттардың 79,6% газ және сұйық заттар, 20,4% – қатты заттар.

Шығарындылардың басым бөлігі Павлодар облысының кәсіпорындарына тиесілі (724,1 мың тонна), бұдан әрі Қарағанды (469 мың тонна) және Ақтөбе облыстары (136,5 мың тонна).

Ластаудың негізгі көзі – өнеркәсіп саласы, атап айтқанда электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен жабдықтау саласы – шығарындылардың 39%, одан әрі өңдеу өнеркәсібі – 32%, тау-кен өнеркәсібі – 15%. Көлік секторындағы шығарындылар көлемі 5% құрайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу