Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

1400

Бір шаршы метр үйдің бағасы 289,9 мың теңгеге жеткен. 

Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

LS сайты қазан айындағы пәтер бағасына талдау жасапты. Порталдың хабарлауынша, жаңадан салынған бір шаршы метр баспананың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға өскен. Былтыр қазан айында бұл көрсеткіш 265,3 мың теңге болатын. Ал екінші нарық пәтерінің бір шаршы метрі 198,7 мың теңгеге бағаланып отыр. Баспананы жалдау құны да өскен. Пәтердің бір шаршы метрін жалдау орта есеппен 1,5 мың теңгеге қымбаттаған.

"Ең қымбат баға әдеттегідей Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелді. Атырау да қалысар емес. Ал ең аран баспана Ақтөбеге тиесілі", – деп жазады LS.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу