Қазақстанда баспана бағасының төмендемейді - "Отбасы банк" басшысы

771

Ләззат Ибрагимова тұрғын үй бағасына қатысты болжамымен бөлісті.  

Қазақстанда баспана бағасының төмендемейді - "Отбасы банк" басшысы

Алдағы жылы Қазақстанда баспана бағасының төмендеуі болжанып отырған жоқ, деп мәлімдеді "Отбасы банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова онлай брифинг барысында. Бұл ретте орталық коммуникациялар қызметінде қаржы мекемесінің басшысы шаршы метр құны жөнсіз өсіп жатқанын да ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өсу қарқыны бәсеңдейді. 10% шамасында болады, өйткені 1,7 трлн зейнетақы жинақтарының негізгі пайдаланылуы 1 сәуірде аяқталады. Қазірдің өзінде келіп түскен өтініштердің барлығы депозиттерді толықтыру, ипотеканы өтеу бойынша болып отыр. Баспананы толық сатып алуға өтініштер өте аз",- деді Ләззат Ибрагимова.  

Сонымен қатар, жағдайға елдегі демография да әсер етпек. 

"Соңғы жылдары бізде үлкен өсім байқалуда. Жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді, 60 мыңнан астам жаңа неке тіркеледі. Қазақстанда демографиялық өсу басталған 2000-шы жылдардың басында дүниеге келген балалар өсіп, тұрғын үй алуға ниетті азаматтар қатарына қосылды. Осы факторлардың барлығы сұранысқа қатты қысым жасайды. Қазір нарықтағы ұсыныс өте үлкен. Біз шамамен 15-17 млн шаршы метр салып жатырмыз. Менің ойымша, өсу қарқыны төмендейді, бірақ бүкіл әлемде болып жатқан инфляцияны ескере отырып, бүгінгі күні бағаның төмендеуі баяу", – деді "Отбасы банкі" басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу