2018 жылдың басынан бері Қазақстанда баспана қымбаттады, деп хабарлайды sputniknews.kz.
ҰЭМ статистика комитеті ұсынған дерекке сүйенсек, бір шаршы метрдің орташа құны жаңа салын жатқан үйлерде ақпандағы көрсеткіш бойынша 260 613 теңге. Былтырғы жылдың соңғы айымен салыстырғанда 0,2% өсім байқалады.
Жеке тұрғын үйлердің бағасы да 0,1%-ға қымбатапты, шаршы метрі — 114 273 теңге.
Баспана жалдау үшін қазақстандықтар орташа есеппен шаршы метріне 1335 теңге төлейді, бұл 2017 жылдың желтоқсанындағы орташа бағадан 0,5%-ға артық.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу