Қазақстанда басталған табиғи өрт ресейлік қалаға қауіп төндіруде

1873

Бір ауылдық жердің халқын эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр.

Қазақстанда басталған табиғи өрт ресейлік қалаға қауіп төндіруде

Шекара маңында басталған табиғи өрт Қазақстаннан Ресейдің Орынбор облысындағы бір шағын қалаға қауіп төндіруде, деп хабарлайды "Интерфакс".

Ақпарат агенттігіне Ресей ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт Қазақстан мен Ресей шекара маңында құрғақ шөптің өртенуінен басталған.

"Өрт Ресейдің шекера маңындағы Новотроицк қаласына көшкен. Ресми ақпарат бойынша, өрттің ауданы 1,5 га",- деп хабарлады баспасөз қызметі.          

Қалада төтенше жағдай жарияланған. Өрттің көршілес елдімекендерге көшу қаупі бар.          

"Ауа температурасының жоғары болуынан және қатты жел салдарынан өрт жылдам тарап, Хабарное ауылына қауіп бар", ­- деді баспасөз қызметі. Қатты соққан жел мен ауа температурасының жоғары болуы, сонымен қатар жердің адырлы болуы өртті сөндіруді қиындатып тұр.          

Тап қазіргі уақытта 1962 адам тұратын ауылды эвакуациялауға дайындық жүріп жатыр.

Оқиға орнында жеті автоцестерна, алты су тасушы жұмыс істеуде. Орск қаласынан төрт суарып жуатын көлік, "Орск" темір жол станциясынан өрт пойызы да шыққан.       

Облыстық үкіметтің ұшағымен әуебарлау жұмысы ұйымдастырылған.

Тәртіп сақтауды ұйымдастыру үшін полиция қызметкерлері тартылған. Ресейдің Орынбор облысы бойынша ТЖМ бас басқармасында ведомствоаралық шұғыл штаб құрылған.    

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу