Қазақстанда базарлар саны азайып келеді

645

Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,7 млн м2 құрайды.

Қазақстанда базарлар саны азайып келеді Фото: "Атырау" газеті

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16 бірлікке аз, деп хабарлайды inbusiness.kz  Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Оның ішінде 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227 – ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.  

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115 бірлік, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе  (57) облыстарында. 

Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар). 

335 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі  жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу