Қазақстанда беби-бум: бала туу көрсеткіші өсіп жатыр

737

10 сәбидің үшеуі көпбалалы отбасында туған.

Қазақстанда беби-бум: бала туу көрсеткіші өсіп жатыр

Елімізде бала туу көрсеткіші өсуде, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясы басталып, қазақстандықтардың үйінен шыға алмауы бала туу көрсеткішінің айтарлықтай өсуіне әсер еткен.

Қазақстанда бэби-бум 2020 жылы басталды: бұл жылы 426,8 мың сәби дүниеге келді.

2021 жылы да рекорд жаңарды: жаңа туған нәрестелер саны 446,5 мыңға жетті, бұл былтырмен салыстырғанда 4,6%, ал "коронадағдарысқа" дейінгі 2019 жылмен салыстырғанда 11% артық.

Биыл 3 айда 95,6 мың сәби дүниеге келген, яғни 2022 жылы да елімізде беби-бум жалғасып жатыр.

Былтыр туу коэффициенті де жаңа рекорд орнатты: 23,5 яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған нәрестеден келеді. 20 жыл бұрын бала туу коэффициенті тек 14,91 болды, яғни 10 мың қазақстандыққа 149 жаңа туған нәрестеден келген.

Сондай-ақ туудың жиынтық коэффициенті 3,32 жетті, яғни бір әйелге орта есеппен 3 баладан келеді. Қазақстанда мұндай рекорд көрсеткіш соңғы 2 жылда тіркелді. 1999 жылы бұл коэффициент бар болғаны 1,8 болды, яғни әрбір қазақстандық әйел екінші баланы дүниеге әкелмеген.

Сонымен қатар 125,1 мың сәби немесе 2021 жылы туған нәрестелердің жалпы санының 28% көпбалалы отбасыларда дүниеге келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу