Қазақстанда белсенді шағын кәсіпорындар саны артты

832

Компаниялардың төрттен бір бөлігі сауда және көлік жөндеу саласында жұмыс істейді.  

Қазақстанда белсенді шағын кәсіпорындар саны артты Фото: 7kun.kz

Биылғы қараша айының басында елімізде 496,3 мың шағын кәсіпорын тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 5,4%-ға көп. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны 379 мыңға жеткен. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 11,4%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жабылуға шақ қалған шағын кәсіпорындар саны үшінші жыл қатарынан азайып отыр (5,2 мың компания).

Белсенді шағын компаниялар саны бір жылда 10,2%-ға өсіп, қазан айының аяғында 181,5 мыңға жетті. Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар ішіндегі олардың үлесі төртінші жыл қатарынан қысқарып отыр. Осылайша соңғы жылы 48,4%-дан 47,9%-ға дейін азайған.

Республикадағы белсенді шағын кәсіпорындардың басым бөлігі Алматы (47 мың), Астана (30,9 мың) қалаларында, Қарағанды облысында (9,8 мың) орналасқан. Ал, олардың ең аз саны Ұлытау облысында шоғырланған (1 мың).

Барлық белсенді шағын кәсіпорынның төрттен бір бөлігі автомобильдер мен мотоциклдерді сату және жөндеу саласында жұмыс істеді – 45,2 мың компания.  Өткен жылдың қазан айына қарағанда өсім 13,8%-ды құрады. Одан кейінгі орындарда білім беру (17,1 мың), құрылыс (15,5 мың), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (14,2 мың) салалары орналасқан.

Былтырғыға қарағанда сауда және көлік жөндеу саласында белсенді шағын кәсіпорындар санының айтарлықтай өсімі тіркеліп отыр (5,5 мың). Ал, құрылыс саласында еңбек ететін компаниялар саны 287-ге азайған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу