Қазақстанда белсенді шағын компаниялардың саны 17%-ға артты

565

2023 жылдың басында Қазақстанда тіркелген шағын компаниялардың саны 498 мыңды құрады. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар саны – 390,3 мың, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.  

Қазақстанда белсенді шағын компаниялардың саны 17%-ға артты Фото: inbusiness.kz

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес белсенді шағын компаниялардың саны бірден 17,4%-ға, 194,4 мыңға дейін өсті.

Шағын бизнеске арналған салық демалысы кезінде, яғни 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылдың соңына дейінгі аралықта тіркелген шағын компаниялардың саны 13,7%-ға, жұмыс істеп тұрғаны – 30,3%-ға, ал белсенді кәсіпорындар 22,6%-ға артты.

Белсенді шағын компаниялардың басым бөлігі Алматыда шоғырланған (50,8 мың). Одан кейінгі орында - Астана (33,3 мың компания), Қарағанды облысы (11,2 мың компания), Шымкент (8,2 мың компания) және Павлодар облысы (7,9 мың компания) орналасқан.

Көлік пен мотоциклдерді сату және жөндеу секторындағы белсенді шағын кәсіпорындар саны бір жылда 22,9%-ға артты (48,7 мың). Бұдан басқа құрылыс саласында  жұмыс істейтін белсенді шағын компаниялар саны 18,6%-ға өсті (18,3 мың).

Ал, білім беру саласында 17,3 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу