Елімізде бензин бағасы литріне 210 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

184

Министрлік бағаның күрт қымбаттамайтынына сендірді.

Елімізде бензин бағасы литріне 210 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін Фото: canva.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АИ-92 бензинінің бағасына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство ең жоғары баға ретінде литр үшін 210 теңге болады деп отыр.

Жанармай құю стансалары бағаны күрт көтерген жағдайда, тиісті мәселені антимонополиялық агенттік қарайтын болады.

"Біз айтарлықтай өзгерістер болады деп ойламаймыз. Басылымдарда бензин бағасы литріне 400 теңгеге дейін көтеріледі деген ақпараттар айтылды. Біз бұл жағдайды бақылауда ұстаймыз. Күрт көтерілуге жол бермейміз", – деді Энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу