Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев журналистерге бензин бағасының не себепті өскенін айтты.
"Қымбаттаудың бір себебі - бұл екі апта бұрын импорт бензині сатып алынған кезде теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Осыған орай ресейлік бензиннің бағасы өсті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап теңге бағамы рубльге шаққанда 20%-ға әлсіреді. Сол себепті де рубльмен алғанда ондай қымбат емес, ал теңгеге аударғанда біраз қымбатқа түседі", - деді Қ.Бозымбаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай тапшылығы болмайды. "Барлық мұнай өңдеу зауыттарымыз жұмыс істеп тұр, барлығы дұрыс. Қажетті мөлшерде өңделіп жатыр, мұнай тапшылығы жоқ және болмайды да", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу